|
03.04.2020 | 13:33
1117

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды

Аталған бағдарлама бойынша несие бұдан былай 6 пайыздан аспайды

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды inform.kz

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Бұл шағын және орта кәсіпкерліктің кез келген субъектісі бағдарламаға қатысушы бола алатындығын және жеңілдетілген қаржыландыру алатындығын білдіреді. Төтенше жағдай кезіндегі жеңілдік жайлы бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев айтып берді. Оның сөзінше, аталған бағдарлама бойынша несие бұдан былай 6 пайыздан аспайды.

«Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып отыр. Айналым қаражатын қаржылай толықтыру айтарлықтай кеңейтілді. Бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыру 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және жаңартылып отырмақ. Осы ретте сауда қызметіндегі субъектілер үшін айналым қаражатын толықтыру 100 млн теңгеге дейін жетеді», – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан МӘДИЕВ.

Вице-министр, сондай-ақ, Ұлттық банк төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскенін жеткізді. Бұл мақсатқа 600 млрд теңге бөлінген екен. Несие 1 жылға дейін кредиттеу мерзімімен 8 пайыздық ставка арқылы айналым қаражатын толықтыруға берілмек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир