Инвесторларға қолдау күшейді

elements.envato.com
elements.envato.com
Алматылық кәсіпкерлерге мемлекеттік орган қолдау көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бизнес иелері қиындықтарға тап болып, жұмыстары шығынға ұшырағанын айтып шағымданды. Бірнеше компания құрылыстары 1 жарым жыл тұралап, әбден әбігерге түскенін, кәсіп жүргізуі қиындап кеткенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл мәселені Прокуратура органдары қарауына алып, фронт-штаб ұйымдастырды. Экономикаға елеулі үлес қосып жатқан компанияларға қол ұшын созып, мәселесін шешуге атсалысты. Инвесторларды қолдауға бағытталған жаңа жоба аясында Түрксіб ауданының прокуратурасы 12 кәсіп нысанына су бұрып, коммуналдық техникамен жабдықтауға мұрындық болды. 

- Жаңа жобаны іске асырып, құрылысты бастағанда біршама қиындыққа тап болдық. Техникалық документтерді өткіздік, өтініштеріміз қабылданбады. Газ не су өткізетін компаниялар бізбен келісімшартқа отырмай жүргені мәселе тудырды. Біз 100-ден аса жұмыс орнын ұсынып отырған мекемеміз. Басқа кәсіпкерлермен де сөйлестік, бәрінде осыған ұқсас мәселе. Олар бізді өндіріс қуаты жетпейді деген жауаппен қайтаратын. Құжаттармен ұзақ сандалып жүрдік, - дейді кәсіпкер Сивара Жұмабекова. 

Кәсіпкерлерге құжаттарын реттеп, тиісті қызмет түрлерін алу үшін прокурорлық акт жасалған. Оның аясында қазір 15 млрд. теңгенің бірнеше жобасы жүзеге асырылып жатыр.  Прокуратура қызметкерлері кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары ерекше бақылауда екенін атап өтті.

- Прокуратура органдарының алдына қойлған ең басты мақсаты -  ол әлеуметтік инвесторлардың құқығын қорғау.  Арызданған азаматтарға техникалық жабдықтау құжаттары дайындалып, Түрксіб ауданы бойынша нақты 12 инвесторға берілді. Олардың ел экономикасына үлкен пайдасы тиеді деп сенеміз. Прокурорлық шара қолданылды, мемлекеттік орган тарапына еңгізілді, - дейді Түрксіб ауданы прокурорының орынбасары Құралбек Шойбеков.  

Оқи отырыңыз: Қамысты кәдеге жаратуға болады

Новости партнеров