Қазақстанда доллар қымбаттады

28.12.2020 18:46

АҚШ доллардың орташа бағамы 419,79 теңге болды

elements.envato.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 25 желтоқсан кешімен салыстырғанда доллар 0,30 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 419,79 теңге болды. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,17 теңге сатылса, ал сатып алу - 419,65 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,36 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 420,28 теңге.