|
24.11.2022 | 13:57
890

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шегі төмендетіле ме -министр

Мәжілістің бір топ депутат зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін жеткілікті шекті төмендетуді ұсынған еді

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шегі төмендетіле ме -министр Фото: Абзал Калиев

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжілістің кешегі отырысында бір топ депутат зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін жеткілікті шекті төмендетуді ұсынды. Төменгі палата өкілдері қазақстандықтарға инфляциядан асатын инвестициялық табыстың бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін беру қажет деп есептейді.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жеткілікті шекті төмендету тиімсіз деп санайды.

"Мен зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шегін төмендетуге қарсымын. Жалпы, бұл мәселе қазір күн тәртібінде жоқ, талқыланбайды. Жеткілікті шекті төмендетсек, болашақ зейнеткерлерге әлеуметтік тәуекелдерді әкеледі. Себебі ай сайынғы төлемдер өмір сүруге жетпейді", - деді Әлібек Қуантыров.

Айта кетері, биыл 1 сәуірден бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі күрт өсті. Егер былтыр 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылы ол 5 060 000 теңгені құрап отыр.

Дереккөз:sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир