Бензин бағасын нарықтық шарттар реттейтін болады

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz
Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты еліміздегі бензин бағасы қалай құбылатынын Үкімет отырысынан кейін кулуарда Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Бензиннің бағасы еркін айналымда. Сондықтан оны нарықтық шарттар реттейді. Қазақстан өзінің мұнай өндірісін қысқарта ма, ұлғайта ма деген сұраққа келер болсақ, өзіміздің бұл бағытта нақты жоспарларымыз бар. ОПЕК-тің ұстанымдары бізге ұсыныс ретінде ғана келіп отыр. Ал қазіргі таңда бізде жоспарды өзгертетін ой жоқ», – деді ҚР Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ.

Энергетика министрі елімізде бензин бағасы ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде реттеліп келе жатқанын жеткізді. Жанар-жағармай қоры жеткілікті. Дегенмен, бүгінде барлық мұнай өңдеу зауыттары штатты түрде жұмыс істеп жатыр, деді Нұрлан Ноғаев.

Новости партнеров