Мәжіліс депутаттары кандидатураны мақұлдау туралы шешім қабылдады
Мәди Тәкиев ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қаржы және бюджет комитетіне Мәди Төкешұлы Тәкиевтің кандидатурасы ұсынылады. Мәди Төкешұлы – көп жыл бойы салық және кеден саласында, мемлекеттік кіріс органдарында, Президент Әкімшілігінде, өңірлерде қызмет атқарған, Ұлттық экономика вице-министрі болған тәжірибелі маман. Ол еңбек өтілін қарапайым бухгалтер мамандығынан бастап, осы салада қызметтің әр сатысынан өткен», - деп таныстырды депутат Елнұр Бейсенбаев.
Мәжіліс депутаттары кандидатураны мақұлдау туралы шешім қабылдады.