|
23.06.2022 | 14:21
945

Қазақстан 2026 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемін 25,5 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Биыл құны 3,2трлн теңге болатын 306 инвестициялық жоба іске асырылады

Қазақстан 2026 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемін 25,5 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр Almaty.tv

Елімізде алдағы 4 жылға арналған инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның аясында 2026 жылға дейін шетелдік салым көлемін 25,5 млрд долларға дейін арттыру көзделген. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықовтың ақпарынша, тұжырымдама еңбек өнімділігінің өсуі мен экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кешенді жоба негізінде биыл құны 3,2трлн теңге болатын 306 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның 40-ына шетелдік компаниялар қатысады.

«Президенттің тапсырмасы бойынша биыл сәуір айында елімізде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы жасалды. Аталған пул тоқсан сайын жаңартылып, әкімдіктер мен министрліктер сайтында жарияланды. Бүгінгі таңда бұл пул жалпы көлемі 24,4 трлн теңгені құрайтын 765 жобадан тұрады және 112 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді», – деді ҚР СІМ орынбасары Алмас Айдаров.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир