Доллар бағамына қатысты Ұлттық банк мәлімдеме жасады

elements.envato.com
elements.envato.com
Түске дейін 1 АҚШ доллары 440 теңгеге дейін жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күндіз сатылмаған АҚШ доллары кешке қайта саудалана бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.  Бірақ бір доллардың құны 432 мен 437 теңгенің аралығында. Естеріңізге салсақ, бүгін Ұлттық банк доллар бағамына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.   

Баға тұрақсыздығына қатысты Ұлттық банктің бүгін жасаған мәлімдемесінде алдыңғы аптаның басынан бастап әлемдік тауар және қаржы нарығында  айтарлықтай құбылмалылық байқалған. Мұнай бағасының серпіні ОПЕК+ келісіміне қатысушылар арасындағы уағдаластықтың болмауына және Ресей мен Сауд Арабиясы арасында өріс алған баға соғысына байланысты оқиғалардың ықпалынан болып отыр. 2020 жылғы 9 наурыздан бастап Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 36,5 АҚШ доллары деңгейінде бекітілді. Сондай-ақ, хабарламада «Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 27 сәуірде сағат 15:00-де жарияланатын болады» делінген. 

Новости партнеров