|
21.05.2019 | 17:35
3828

Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін қатынауы мүмкін

2020 жылдан бастап «Балалардың туристік пойызын» іске қосу жоспарланып отыр

Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін қатынауы мүмкін

Бүгін Үкімет отырысынан кейін кулуарда журналистердің сауалдарына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Кids Go Free» бағыты туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз қазір «Кids Go Free» бағытын мемлекеттік бағдарламаға енгіздік. Енді тек бекітілуін күтіп отырмыз. Туристік қызмет жөніндегі заңға енгізіп жатырмыз. Мәселен, бір ата-ана ел ішінде демалысқа ұшып бара жатса, 15 жасқа дейінгі екі баласына тегін авиабилеттер ұсынылады. Осының арқасында біздің отандастарымыз шетелге кетпейтін болады. Демек ақшамыз өзімізде қалады. 1 теңгені субсидиялаймыз, мемлекет балаларға қаражат бөледі. Осының арқасында 6,5 теңгені үнемдейміз», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ.
Жаңа бағдарлама бір-екі айдың көлемінде іске қосылмақ. 

Бұдан бөлек, министр 2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалардың туристік пойызын» іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Басымдық әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ, білім байқауларының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға беріледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир