|
21.05.2019 | 19:21
7415

Алматыда жер сілкінісін хабарлайтын мобильді қосымша іске қосылды

Қазірдің өзінде қосымшаны 2000 желі пайдаланушысы қолданады

Алматыда жер сілкінісін хабарлайтын мобильді қосымша іске қосылды

Енді жер сілкінісін алдын ала смартфоннан біліп отыратын боламыз. Алматы қаласында сейсмологиялық жаттығу кезінде жер сілкінісін ерте хабарлайтын жаңа құрал - «Дармен» қосымшасы сыналды. Қазіргі уақытта мобильді қосымшада жер сілкіністері туралы ерте хабарлаудың жаңа функционалы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы қаласының маңында жер асты дүмпуін тіркейтін сейсмодатчиктер орнатылған. Соның көмегімен ақпараттар қолданушыларға адамның қатысуынсыз, автоматты режимде келетін болады. Яғни, небәрі 1-2 секунд ішінде барлық қала тұрғындары мен қонақтары болуы мүмкін қауіп-қатерлерден хабардар болады.

«Қазіргі таңда қалада 3 датчик жұмыс істеп тұр. Оны 34 данаға дейін көбейту жоспарланып отыр. Қазір таңда бұл біз үшін тиімді. Егерде смс хабарлама арқылы біз Алматы қаласының тұрғындарын құлақтандыратын болсақ, ол 4 немесе 6 сағат уақыт алатын болып тұр. Бүгінгі таңда біз дабыл бермей, тек қосымша жүктегендерді құлақтандырдық. Сондықтан, жаттығу сәтті өтті деп ойлаймыз», – деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі  Сандуғаш  БАЙМҰХАМБЕТОВА.  

«Дармен» қосымшасын Android және IOS базасында смартфондар мен планшет иелері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тегін жүктей алады. Қазірдің өзінде қосымшаны 2000 желі пайдаланушысы қолданады. Жоба авторларының айтуынша, «Darmen» мобильді қосымшасы қолданушылардың талап-тілегіне қарай үнемі жетілдіріліп отырмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир