Қазақ-Қытай шекарасындағы өткізу пунктінен қазынаға түсетін қаржы 5,5 есеге көбейген

Almaty.tv
Almaty.tv
Шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пункті жөндеуден өткізу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ-Қытай шекарасындағы өткізу пунктінен қазынаға түсетін қаржы 5,5 есеге көбейген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарынша, «Нұр Жолы» арқылы күніне 2,5 мың көлік пен 15 мың адам қос аралықта қатынайды. Іске қосылған 4 жыл ішінде ел қазынасына 223 356 млн теңгеден астам түсім салық түскен. Бақытжан Слямовтың айтуынша, «Қорғас» бекетімен салыстырғанда көлік ағыны 1,6 есе өсіп, одан түскен пайда 546,6 пайыз артқанын көрсетеді.

«Келер айдан бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Қапланбек» және «Зангиота» автомобиль өткізу пунктері жөндеуге жабылады. Бұл ретте көлік пен жеке тұлғалардың қозғалысына шектеулер енгізілетін болады. Қазіргі таңда шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пункті жөндеуден өткізу жоспарланып отыр», – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов.

Новости партнеров