Қазақстандық жеке кәсіпкерлер елдегі Төтенше жағдай режиміне байланысты 90 күнге несиелік демалыс алады, ал тұрғындарға несие төлеуде кідіріс үшін айыппұл салынбайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Азаматтық кодекстің 359-бабына сәйкес, кредит бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы еңсерілмейтін күш жағдайлары, яғни дүлей құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдай болған кезде мүліктік жауапкершілік те болмайды. Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдай енгізілгендіктен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұл мен өсімақы есептелмейтін болады. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, сонымен қатар, ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, барлық әлемдік қаржы ұйымдары, сондай-ақ қарыз беретін өзге де кредиторлар берген қарыздарға қолданылатын болады. Сондай-ақ, несие берушілер қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайда қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы болмақ.