|
17.05.2019 | 17:32
4464

Алматыда 37 секундта темір жол шпалын шығаратын инновациялық өндіріс іске қосылды

Мұндай шпалмен пойыздар сағатына 300 шақырыммен жүре алады

Алматыда 37 секундта темір жол шпалын шығаратын инновациялық өндіріс іске қосылды

Алматы көпір құрылысы зауыты темір жол шпалдарын өндіретін инновациялық өндірісті іске қосты. Бұл Елбасының өткен жылғы жолдауында айтылған «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңадан ашылған бөлім неміс технологиясымен жұмыс істейді. Ерекшелігі сол, отандық темір жол шпалдары 30 тоннаға дейінгі салмақты көтере алады. Сондай-ақ, мұндай шпал төселген соң пойыздар өте жылдам, яғни сағатына 300 шақырыммен жүруге мүмкіндік алады.

Бүгін кәсіпкерлер 2 миллиард теңгеге жуық қаржы құйған өндірісті өз көзімен көру үшін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек зауытқа арнайы барды.

«Бізде 1500 өнеркәсіптік және 350 құрылыс кәсіпорындары бар. Сондықтан жаңа өндіріс бұл үдеден шығады деген ойдамын. Неміс жабдықтары заман талабына сай жұмыс істейді. Бізде «Нұрлы жол» бағдарламасы бар, еліміз кең байтақ, сондықтан жол салу аса қажет. Қазір біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша Үлкен Алматы айналма автожолын салып жатырмыз. Сондай-ақ жекелеген инвестиция арқылы біз аэропортты кеңейткіміз келеді», – деді әкім зауыт қызметкерлері алдында сөйлеген сөзінде.

Жаңадан ашылған өндіріс 100 жаңа жұмыс орнын ашып отыр. Мамандардың айтуынша, зауыт толықтай автоматтық жүйеге көшкендіктен, өндіріс көлемі екі есе артады. Мұнда бір темір жол шпалын жасауға бар болғаны 37 секунд кетсе, ал басқа зауыттарда бұл 70 секундты құрайды екен. Айта кетейік, Алматы көпір құрылысы зауыты ел нарығының үштен екі бөлігін конструкциялармен қамтамасыз етеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир