Биыл орталық 24 сәуірден бастап қайта іске қосылды
«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес ҚР Үкіметі қаулы етеді:
- «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін, - делінген Үкімет қаулысында.
Айта кетейік, бұған дейін аталған халықаралық орталық республикалық меншікте болды және оны басқару мен жұмысын үйлестіру Алматы облысы әкімдігінің құзыретінде болған еді.
Үш жылдан бері тоқтап тұрған «Қорғас» орталығы биыл 24 сәуірден бастап қайта іске қосылғанын еске салайық.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: Қорғас: жүк тасымалдау ережесі қалай өзгерді