«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамында 100-ге жуық кеңесші жұмыстан босатылды. Реформалау бағдарламасы аясында ұйымның елордадағы корпоративтік орталығының қызметкерлері екі есе қысқартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Лондон, Бейжің, Абу-Даби және Мәскеудегі шетелдік өкілдігі жабылды. Аталған шұғыл шаралар жылына 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Сатып алуға жетекшілік ететін қызметкерлерді жалдау талаптары қайта қаралды. Біз адамның сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген көзқарасына қараймыз. Осыған байланысты психологиялық профайлинг жүргіземіз және тиісті қызметкерлерді полиграфта тексердік», – деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
Сатқалиевтің айтуынша, өндірістегі жұмысшылардың орташа жалақысы 440 мың теңгені құрайды. Басшылық қызметтегілер 700 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін айлық алады. Тіпті, кейбір портфельдік компанияларда мұндай мамандардың жалақысы 1 миллион 500 мың теңгеге дейін жетеді.
«Біз шақырған адамдардың бір бөлігін нарықтан алдық, соның ішінде Украина бар. Олар алып отырған жалақысынан үш-төрт есе аз жалақыға келісті.
«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны қысқарды
Біздің портфельдік компанияларымыздың жетекші менеджментін жеке атап өту қажет. Қазақстанға өз үлесін қосуға көмектесу үшін адамдар 10 есе аз жалақыға келіп жатыр», – деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.