Алматы мен Нұр-Сұлтанда валюта айырбастау пункттері жабылды

30.03.2020 19:48

Бұл туралы Айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Галимбаев хабарлаған

kapital.kz

Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттері бір апта бойы жабық болады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Галимбаев хабарлаған. 

«Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірде-бір айырбастау пункті жұмыс істемейді. Қалғандары күнделікті режимде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді»,  – деді Арчин Галимбаев.  

Еске сала кетейік, 27 наурызда Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысты тоқтату туралы шешім қабылданды.