Алматыда карантин режимін бұзғандарды «Сергек» арқылы анықтайды

30.03.2020 19:54

Бұл туралы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты

Фото Колеса

Алматыда күшейтілген карантин режимін бұзушыларды «Сергек» камералары арқылы анықтап, жауапқа тартады. Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз «Сергек» камералары түсірген бейнежазбаларды қолданатын боламыз. Бізде бұл камералар қаланың периметрі бойынша барлық 27 блокпостта орнатылған. Мегаполиске кіріп-шыққандарды қадағалаймыз және планшеттерге енгіземіз. Сондай-ақ, қаланың ішінде де «Сергек» жүйесін қолданатын боламыз. Бұл бейнежазбалар бізге сотта адамның карантиндік режимді бұзғанын дәлелдеу үшін қажет», – дейді Қанат Таймерденов.

Бұған дейін, қалада карантиндік шараларды күшейту үшін 26 бекет ұйымдастырылатынын хабарлаған болатынбыз.

Әлемде коронавирус індетінен 160 мыңға жуық науқас жазылып шыққан