|
30.01.2024 | 14:48
4032

Зейнетақы жинағындағы ақшаға жаңа вагон сатып алынбақ

Экономика министрі түсіндірді

Зейнетақы жинағындағы ақшаға жаңа вагон сатып алынбақ Almaty.tv

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы ақшасы жаңа вагон сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экономика министрі Әлібек Қуантыров «Бәйтерек» холдингіне берілетін 173 миллиард теңгенің қайда бағытталатынын түсіндіріп берді. Ведомство басшысы облигацияларға салынған ақша инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға жұмсалатынын айтты. Оның үстіне, зейнетақы қорындағы қаражат құры жатпай, айналымда болғаны дұрыс.

– Бұл шығын инфрақұрылымдық жобаларды, атап айтқанда, өте қажетті жолаушылар жүк вагондарын сатып алуға жұмысалады. Қазір жолаушылар вагонының 50-70 пайызы тозып тұр. Бұл вагондар отандық компаниялардан жеткізіледі. Тиісінше ақша ел экономикасында қалады. Сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ. Оның үстіне жаңа жұмыс орындары құрылады, – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир