Жиын нәтижесінде 2021 жылдың қаңтар айында жалпы мұнай көлемін өндіру тәулігіне 500 мың баррельге көбейеді
ОПЕК+ елдері ай сайынғы мұнай өндірісін арттыру жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиын нәтижесінде 2021 жылдың қаңтар айында жалпы мұнай көлемін өндіру тәулігіне 500 мың баррельге көбейеді.
ОПЕК+ елдерінің жалпы шектеуі 2021 жылдың қаңтарында негізгі деңгейден тәулігіне 7,2 млн баррель болса, Қазақстан үшін шектеу деңгейі 1,4 млн. баррель. Отырысқа қатысқан еліміздің Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың болжамынша ОПЕК+ келісімі әлемдік мұнай индустриясына оң ықпалын тигізбек.