«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы кім

23.11.2023 19:58

Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші көз жұмған еді

Almaty.tv

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы 30 қарашаға дейін белгілі болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр қазір кәсіпорынның жаңа басшысымен келісім жүргізіліп жатқанын айтты.

– «АрселорМиттал Теміртауды» ешкім тартып алып жатқан жоқ. Соны түсінуіміз керек. Бұл - екі жақтың келісімімен жасалып жатқан дүние. Отандық инвестор сатып алатынын айттым. Бірақ қаражаттың көлемі келісімшартқа қол қойылғаннан кейін белгілі болады. Жаңа иесінің кім екенін де 30 қарашада білесіздер, – деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр

Еске салайық, 28 қазанда Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші көз жұмған еді. Тағы 24-і жарақат алды. Осы оқиғадан кейін Президент «АрселорМиттал Теміртауға» барып, компанияны Қазақстан тарихындағы ең жағымсыз инвестор деген еді. Үкіметке аталған кәсіпорынмен келісімшартты бұзуды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Еліміздің қай өңірі жоғары жалақы алады