Меншік құқығы Конституциямен қорғалатындықтан, мүліктің біразы сот шешімімен қайтты
Шетелге заңсыз шығарылған 760 миллиард теңге ел қазынасына қайтарылды. Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге активтерді қайтаруға мүмкіндік туған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған сома дүние-мүлік, актив және валюта түрінде қайтарылып жатыр.
– Мемлекетке 760 млрд теңге астам актив қайтарылды. Оның ішінде 575 млн доллар шетелдерден аударылды. Меншік құқығы Конституциямен қорғалатындықтан, мүліктің біразы сот шешімімен қайтты. Бас прокурордың сот актілеріне 24 сот наразылығы қанағаттандырылды. Күшін жойған шешімдер бұрын олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған, – деді ҚР Бас прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту қызметінің бастығы Нұрдәулет Сүйіндіков.