Алматыда алғаш рет қазақ тілінде бизнес форум өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Кәсіби алаңда бүгін 300-ге жуық кәсіпкер мен ірі компания өкілі бас қосты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда алғаш рет қазақ тіліндегі ең ауқымды бизнес-форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экономика, қаржы салаларының мамандары тәжірибе алмасып, өзекті мәселелердің шешімін табуға арналған кәсіби алаңда бүгін 300-ге жуық кәсіпкер мен ірі компания өкілі бас қосты.

– Мұндай іс-шараны ұйымдастырып отырудың маңызы зор. Өйткені біріншіден, қазақ тілінде өтеді, екіншіден, көптеген бизнесмен бір-бірімен танысады, орта пайда болады. Қазақстанда кем дегенде бір айда екі рет ұйымдастыру керек, – деді кәсіпкер Болатбек Дәлелханұлы.

Ал игі іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан экономист Мақсат Халық өз сөзінде кәсіпкерлік пен ел экономикасының тығыз байланысын атап өтті. Сондай-ақ ол форумды жыл сайынғы өткізуді жоспарлап отыр.

– Бізге жаңа экономикалық бір модель құрып шығу маңызды. Сол үшін баяндама жасадым да, ұсыныс айттым. Біз негізі өндірісті, өнеркәсіпті дамытуымыз керек. Бұл арқылы инфляцияны да тоқтата аламыз, экономикалық өсімге де қол жеткізе аламыз, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыра аламыз, – деді экономист Мақсат Халық.

Оқи отырыңыз: Елімізде ауыл шаруашылығы өнімі 3,2% көбейді


Новости партнеров