Әлем бойынша 400 млн кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр

11.05.2020 20:13

Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайған

Baq.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатқандығын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Жер-жерде протекционизмнің күшеюі белең алуда. Экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр. 400 миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр, - деді Президент. Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайған.

"Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр. Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын  айтқым келеді. Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз", - деді Мемлекет басшысы.