Зертханалардың сынақ нәтижелеріне сенімсіздік артып отыр
Отандық өнімдер – импорттаушы елдердің «күмәнді» деген тізімінде. Яғни, шет мемлекеттер бірнеше жыл бойы қазақстандық тауарды қабылдамай келген. Нақтырақ айтсақ, ол рапс майы мен астық және сүт өнімдері. Себебі елде жүргізілген сынақтардың нәтижелері шетелдік зертханалардың нәтижелерімен сәйкес келмеген. Бұл туралы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» Әдіснама және нормалау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Департамент басшысының ақпарынша, республикада 900-ге жуық сынақ зертханасы аккредиттелген. Олардың 60 пайызына жабдық Ресейден әкелініпті.
«Қазіргі таңда ҚР жүргізілген сынақтардың нәтижелері шетелдік зертханалардың сынақ нәтижелеріне сәйкес келмеді. Осының барлығы қазақстандық өнімдерді сапасыз өнімдермен байланыстыра бастауына және импорттаушы елдерде күмәнді өнімдер қатарына енуіне әкеледі. Қазақстандық зертханалардың сынақ нәтижелеріне сенімсіздік артып отыр. Тест нәтижелерін тану процесі жоғалып отыр», – деді «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК департамент басшысы Алмат Орынғалиұлы.