|
19.12.2023 | 15:16
456

Ел экономикасы 4,9 пайызға өсті

210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды

Ел экономикасы 4,9 пайызға өсті Almaty.tv

Қаңтар-қараша айындағы ел экономикасының өсу қарқыны 4,9 пайызға жетті. Ал былтыр бұл көрсеткіш 3 процент те болмаған еді. Осылайша, аталған сала биыл орнықты өсу траекториясына шығып отыр. Бұл туралы Үкіметтің 2023 жылғы қорытындысында көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ жылдық мәндегі инфляция қарашада 10,3 пайызға дейін төмендепті. Бұл нәтиже жедел және орта мерзімді 100-ге жуық іс-шараны жүзеге асыру арқылы іске асқан.

Айта кету керек, экономиканың барлық саласында жалпы құны 960 миллиард теңгеден асатын 210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Ол 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп отыр.  

– Жыл қорытындысы бойынша, экономика 5 пайызға өседі деп болжап отырмыз. Үкімет инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін белсенді іске асыруда. Атап айтқанда, бағаны тұрақтандыру тетігі қайта форматталды, отандық өндірісті ұлғайту үшін қаржыландырудың басым бөлігі ауылшаруашылығы тауарлары өндірушілерге бағытталды. Ішкі нарыққа белгіленген бағамен фермерлерден форвардтық сатып алу енгізілді, – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оқи отырыңыз: Алматыда қытай автомобильдері шығарылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир