Мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау қоры құрылады

24.05.2023 20:27

Министр мәліметінше, жеке ведомство Бас прокуратураның құрылымында жасақталмақ

Almaty.tv

Мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау қоры құрылады. Бұл туралы еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министр мәліметінше, жеке ведомство Бас прокуратураның құрылымында жасақталмақ. «Ал елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін жеке шот немесе кәсіпорын түріндегі басқарушы компания қажет» деді министр. Сондай-ақ жұмыс тобы құрымына кіретін қызметкерлер өзге мемлекеттің мамандарымен бірлесіп жұмыс істейтін болғандықтан, шет тілін меңгеруі керек екенін алға тартты. Мәселенің алдағы уақытта Парламентте жан-жақты қаралады.

– Активтерді қайтаруымыз, мүлікті басқаруымыз керек, демек, қандай да бір арнайы шот қажет. Ол үшін 10 адамнан тұратын арнайы құрылым керек. Бұл бюджетті үнемдеу үшін керек. Осы қорда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар қайтарылатын активтер есебінен қаржыландырылса, дұрыс болар еді. Белгілі бір жалақы белгіленуі керек, кейбір қаржыландыру шектеледі, – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.