Бұл туралы еліміздің Жоғары аудиторлық палата төрағасы хабарлады
Елімізде квазимемлекеттік секторлардан игерілмеген 383 миллиард теңге анықталды. Оларға өткен жылы ел қазынасынан 1,2 трлн теңгеге жуық ақша бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қомақты қаржының мақсатты жұмсалмағаны жылдық қорытынды есепте белгілі болды. Бұл туралы еліміздің Жоғары аудиторлық палата төрағасы хабарлады. Әлихан Смайыловтың сөзінше, қажеттілікке бағытталған қаражат жылдап керекті жерге жұмсалмай, қап түбінде қалып қоя береді. Ол «мұндай олқылыққа жол берілмеуі керек» деді. Жоспарлау кезінде шамадан артық, «өзі тойса да, көзі тоймай» сұралған әр тиын үшін жауап алынатынын жеткізді.
– Квазимемлекеттік сектордың бюджетті жоспарлау және оны орындау кезінде қаражатты игермегені және төмен нәтижесі үшін мемлекеттік органдармен тең дәрежеде Парламент алаңында жауап беретін уақыты келді. Қаражатты бақылау шоттарында жылдар бойы жинақтауды тоқтату қажет, – деді ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.
Оқи отырыңыз: «Қазақстан темір жолы» банкротқа ұшырауы мүмкін