«Қазақстан темір жолы» банкротқа ұшырауы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv
Үш жыл ішінде 4 мыңнан астам қауіпсіздікті бұзу фактісі тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан темір жолы банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Компанияның берешегі шамамен 3 триллион теңгеге жеткен. Қарыз мөлшері әлі де өсіп жатыр. Соңғы 4 жылда темір жол саласын дамытуға 2 триллион теңге бөлінген. Алайда қомақты қаржы тиімсіз жұмсалған. Бұл деректерді Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, теміржол желілерінің, локомотивтер мен вагондардың тозуы қызмет көрсету сапасына кері әсерін тигізіп келеді. Үш жыл ішінде 4 мыңнан астам қауіпсіздікті бұзу фактісі тіркелген. Ал былтыр жолаушылар пойызының кешігуі 412 сағатқа жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 5 есеге өскен.

– Бүгінде ҚТЖ міндеттемелерін толық төлеуге қабілеті жоқ және кредиттік тәуекелдің «қызыл» аймағында тұр. Оның борышы 24 жылдық 2,9 триллион теңгені құрады және әлі де өсуде. Жалпы борыштың 45 пайызы немесе 1 триллион теңгесі борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған. Активтердің жай күйінің нашарлауы, борыштардың өсуі және оларды уақытылы қайтарудың мүмкіндігі болмауы, басқарудағы түбегейлі өзгеріссіз ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады, – деді ҚР Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов.          

Сонымен қатар, жоғары аудиторлық палатаның төрағасы көпшілік қолданысындағы жолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салу керек екенін айтты. Аталған фактор жол инфрақұрылымының әлсіреуіне тікелей ықпал етеді.

– Автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп ұстауға соңғы 4 жылда барлығы 1,9 триллион теңге бөлінді. Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал үшін жауаптылықты күшейту қажет, – деді Әлихан Смайылов.   

Оқи отырыңыз: Сусыз қалған ақтаулықтар көлік қозғалысын тоқтатты  

Новости партнеров