Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 2020 жылдың аяғына дейін барреліне 40 долларға, 2021 жылы 45 долларға көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай болжамды халықаралық агенттіктер жасап отыр. Ал, қазіргі таңда әлемдік шикізат нарығындағы сұраныс пен тұрақсыздық динамикасы әлі де сақталып отыр дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Алдағы бір жылға экономикалық болжам жасаған Ақылжан Баймағамбетов карантиндік шектеулердің алынып тасталуы аясында өндіріс көлемін шектеу және энергия ресурстарына сұраныстың артуы бойынша ОПЕК+ келісімін орындау мұнай бағасының өсуін негізінен қалпына келтірді деді. Мәселен, Ирактың қиын қаржылық жағдайына байланысты ОПЕК+ келісіміне тиесілі міндеттемелер орындалмай жатыр. Қытайда мұнайға деген сұраныс аздап төмендеді.
Сондықтан «2020 жылдың тамыз-қыркүйек» болжамды раунды шеңберінде біз консервативті тәсілді ұстанамыз деді бас банк төрағасының орынбасары.