Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген талдауының нәтижесіне сүйенсек, дәріханалар 10 млрд теңгеден астам табыс тауыпты
Соңғы екі аптада еліміздегі 900-ге жуық дәріхана нақты табысын жасырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген талдауының нәтижесіне сүйенсек, дәріханалар 10 млрд теңгеден астам табыс тауыпты.
Республика бойынша бұл салада 3527 кәсіпкер еңбек етеді. Мамандардың сөзінше, онлайн бақылау машинасын қолданбайтын дәріхана иелерінің қызметі тоқтатылмаған.
Ал 250-дей дәріхана түбіртектерін бірде көрсетсе, бірде жасырып отырған. 99 дәріхана иесі болса, күніне 5 мың теңгеден аз табамыз деп есеп берген көрінеді. Күнделікті бір ғана түсімді көрсететін кәсіп иелері де баршылық. Мониторинг нәтижесінде дәріханадардың 60 пайызы ғана нақты табыс айналымын көрсететіні белгілі болып отыр.