|
26.08.2024 | 15:42
343

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа монеталар шығарады

Ол Қазақстан теңге сарайында дайындалды

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа монеталар шығарады ҚР Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан RAQYMJAN QOSHQARBAEV. 100 JYL және KEMEL AQYSHEV. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық Банкіне сілтеме жасап.

Монеталар 2024 жылғы 28 тамыздан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

RAQYMJAN QOSHQARBAEV. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы

2024 жылы Қазақстанның Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры – Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады.

Рахымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде Берлинді алу кезінде Рейхстагқа қызыл ту тіккен Қызыл Армияның алғашқы сарбаздарының бірі болды.

Монеталар мельхиор қоспасынан (МН 25) жасалды, массасы – 15 грамм, диаметрі –  33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Монетаның бейнесі


KEMEL AQYSHEV. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы

2024 жылы көрнекті археолог және ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл толды. Оның басшылық етуімен Алматы қаласы маңындағы Есік қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында «Алтын адам» табылды.

Монеталар мельхиор қоспасынан (МН 25) жасалды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Монетаның бейнесі


Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир