|
07.08.2019 | 15:49
3130

Биржада доллар бағамы өсіп барады

Биржевой курс доллара превысил 387 тенге.

Биржада доллар бағамы өсіп барады Фото: Day.Az

Биржада доллар бағамы өсіп барады. KASE-тегі сауда-саттық нәтижесі бойынша, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 387,45 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 тамыз күнгі сессия қорытындысына сәйкес, бір доллардың бағасы 386,97 теңгені құрады. 7 тамыз күнгі алғашқы сауда-саттық келісімі 387,4 теңге бағасымен өтті, бұл ең төменгі баға болды. Ал ең жоғарғы баға 387,57 теңгеге жетті. Сауда-саттық көлемі 51,950 миллион долларды құрады.

Kurs.kz мәліметінше, валюта айырбастау орындарындағы теңге бағамы 390 теңгеге жетті. Қазір ұлттық валюта бағамы 388,5 теңге - 390 теңге аралығында құбылып отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир