Қазақстанда жылу электр энергиясы қанша пайызға қымбаттайды

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Елде жылу желілерінің 85%-ы тозып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда шілде айынан бастап жылу мен электр энергия бағасы 10%-ға қымбаттайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, елде жылу желілерінің 85%-ы тозып кеткен. Әсіресе кәріз құбырларының жағдайы нашар. Шенеуніктің сөзінше, мәселені шешу үшін тарифтерді көтеруден басқа амал жоқ.

«Биыл электр энергиясының тарифін шілде айынан бастап көтеру жоспарланып отыр. Жылудың жаңа тарифі жаңа жылу беру маусымынан басталады. Жұмыстар басталып кетті. Тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі болады, жылу жүйесінің тозу деңгейіне байланысты. Кейбір өңірлерде 10%-дан басталып, 30%-ға дейін көтерілуі мүмкін», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда электр энергиясының тарифы қымбаттай ма

Новости партнеров