|
06.04.2023 | 17:48
5316

Қазақстанда электр энергиясының тарифы қымбаттай ма

Еліміздегі инженерлік желілердің көпшілігінің тозығы жеткен

Қазақстанда электр энергиясының тарифы қымбаттай ма srbu.ru

Қазақстанда бүгінде коммуналдық желілердің 60%-дан астамы тозған. Ескірген жылу электр орталықтарын мемлекет балансына алғаннан кейін не өзгеруі мүмкін? Электр энергиясының бағасын қымбаттатудан басқа жол жоқ па? Үкімет неге мұндай қадамға барып отыр? Осы және өзге де сауалдарға техника ғылымдарының докторы Тыныс Сүлейменов жауап береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Мүмкіндігінше тарифты көтермей, басқа да амалдарды қарастыратын едік, бірақ бұл – мемлекеттегі тек қана энергетика саласындағы мәселе емес. Бүкіл инфрақұрылымның ескіргенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Мемлекет деңгейінде инфрақұрылым саласын дамыту жөнінде үлкен жоспар құрылатынын Мемлекет басшысы нақты айтты. Осыған байланысты, басқа тетіктерді де іздеу керек деп ойлаймын. Бүгінгі күні тариф көтерілу керек шығар. Өйткені, электр энергиясы экономикамыздың негізгі күре тамыры болып есептеледі. Сондықтан бұл бір ғана критериясы деп есептеймін. Мүмкіндігінше мемлекет басқа да жағдайларды ескеру керек деп ойлаймын, – деді Л.Н. Гумилев атындағы еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Тыныс Сүлейменов.


– Бүгінде Қазақстандағы коммуналдық желілердің 66 пайызы тозып кеткен. Енді осы ескірген жылу электр орталықтарын мемлекет өз балансына алмас бұрын не істеу керек?

– Бұл – жылу электр станциялары кезінде мемлекет жекеменшікке берген. Бірақ сол келісім-шарт негізінде жекеменшік иесі осы жабдықтарды жаңарту керек еді. Олар жаңартылмаған шығар. Енді мемлекетке өткізер кезде, соны тексеріп алу керек. Сондықтан кезінде берілген келісім-шартты қадағалау керек деп есептеймін, – деді Тыныс Сүлейменов.      

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир