Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты
Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін заң жобасы бойынша сенаторлар алдында жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатта салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады. Сондай-ақ, салық элементтерін өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады. Яғни, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау қарастырылған.