Қазақстанда алтын өндірісі қаңтар-шілдеде 3,3%-ға артты

Қазақстанда алтын өндірісі қаңтар-шілдеде 3,3%-ға артты
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 56 289 кг құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 558 195 кг жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз.

Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға төмендеп, 965 179 тоннаны көрсетті. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 10,3%%-ға азайып, 79 534 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 3,3%-ға артып, 192 258 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 3,4%-ға өсіп, 270 078 тоннаға жетті. 

Новости партнеров