Биыл Алматыда мемлекеттік бюджетке түскен кіріс көлемі 3 триллион теңгеден асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов хабарлады. Оның айтуынша, осы жылдың 1-тоқсанында ел қазынасына 929 миллиард теңге мөлшерде салық түскен. Мұның өзі өткен жылмен салыстырғанда 153 пайызға немесе 322 миллиард теңгеге артық.
«1-тоқсан бойынша салық түсімінің 41 пайызы ірі бизнес субъектілеріне тиесілі. Өткен жылмен салыстырғанда 171 пайызға өсті», – деді Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов.
Одан бөлек Алматыда бизнес субъектілері арсындағы 990 мәміле жарамсыз деп танылды. Соңғы үш жылда жалған келісім бойынша жалпы сомасы 60 млрд теңгеге 990 талап арыз жіберілді. Оны жарамсыз деп тану үшін 2022 жылдың 1 тоқсанында 14 млрд теңге шығын сомасына 155 талап арыз жолданыпты.
«2022 жылдың 1 тамызынан бастап қоғамдық тамақтану және сауда саласының субъектілері үшін салық төлеушінің паспорты енгізілді. Бұл субъектілер QR кодты басып шығаруға және клиенттер үшін қолжетімді түрде орналастыруы тиіс. Ол штрих кодта салық төлеушілер туралы барлық мәлімет бар», – деді Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов.