|
19.02.2021 | 16:03
5823

Қаржы министрлігі сатушыларға аударылатын ақшаға салық салмақ

Бұған дейін Қаржы министрлігіне банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау саласындағы жұмысты күшейту ұсынылған болатын

Қаржы министрлігі сатушыларға аударылатын ақшаға салық салмақ Фото: volyninfo.com

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов тұтынушылардың сатушыларға карта арқылы жасаған ақша аударымдарына салық салу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұялы банктік қосымшалар арқылы тұтынушылардан кәсіпкерлерге түсетін ақша аударымдарын фискалдау мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын, олардың көлемі еселеп ұлғайғанын көріп отырмыз. Бірақ, сонымен бірге, тиісті салықтарды төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметін салықпен толық қамту міндеті тұр. Әрине, жеңілдік берілгендерді ескере отырып», – деді Смайлов Қаржы министрлігінің кеңесінде.

Бұған дейін Қаржы министрлігіне банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау саласындағы жұмысты күшейту ұсынылған болатын.

«Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет. Жалпы, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажет», – деді Смайлов 9 ақпандағы үкімет отырысында.

Қазақстандықтардың ақша аударымдарына салық салу мәселесі 2019 жылы көтерілді. Қаржы министрінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов төлем түріндегі ақша аударымдарына салық салынуы керек екенін атап өтті.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир