|
19.03.2019 | 16:12
3604

Алматы әлемнің ең арзан қалаларының бестігіне енді

Алматы әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде 133-орыннан көрінген

Алматы әлемнің ең арзан қалаларының бестігіне енді

Алматы өмір сүру бойынша әлемнің 113 қаласының ішінде төртінші орынды иеленді. Аталған рейтингті британиялық Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымының сарапшылары жасаған.

EIU бағалауы бойынша, Алматыда нанның бір келісі 0,95 доллар тұрады (361 теңге), сыраның бір шөлмегі шамамен 0,92 доллар (350 теңге), ерлер костюмі (пиджак және шалбар) – 270 доллар (103 мың теңге), әйелдердің шашын қию – 14,56 доллар (5500 теңге).

Әлемдегі ең қымбат қала Сингапурмен салыстыратын болсақ, онда нанның бір келісі 3,4 доллар екен, сыра – 2,37 доллар, костюм 2000 доллар, ал шаш қию -119 доллар шамасында.


Ең арзан деп танылған Каракас қаласындағы бағалар Алматыға қарағанда біраз өзгешелеу. Мәселен, ол жақта ерлер костюмі бізге қарағанда екі есе қымбат – 469 доллар тұрады, ал шаш қию бар болғаны 1,77 доллар ғана.


Алматы әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде 133-орыннан көрінген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир