Ауыл шаруашылық өнімдерін төмендете бермей, бағаны шектеу мәселесінен арылу керек – Сапарбай Жобаев

Almaty.tv
Almaty.tv
Соңғы 1 айда елімізде инфляция деңгейі 3,1 пайыз төмендеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы 1 айда елімізде инфляция деңгейі 3,1 пайыз төмендеді. Қаңтарда бұл көрсеткіш 17,3 пайыз еді. Мұндай зерттеу нәтижелерін Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бағаның өсуі  инфляция шарықтап кетті. Оның себептері өте көп. Ең негізгі себеп, мынау пандемия кезінде бізде өнім өндіру, атқаратын қызметтердің көлемі өспеді. Бірақ халықтың қолына тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін көп ақшалар бердік. Ең үлкен себебі осы. Яғни, ақша массасы деген түсінік бар. Мәселен, 2019 жылы пандемия басталар кезде ақша массасы 24 трлн. еді. Ал қазіргі кезде 31 трлн болып кетті. Яғни, 40-50 пайызға ақша массасы көбейді. 2022 жылы қаңтар оқиғасы бұрынғы қалыпқа түсуге мүмкіндік бермеді. Ал 2023 жылы 4 пайыз өсеміз деп жоспарлап отырмыз. Сонда біз 2019 жылдың жағдайына биыл келеміз. Сондықтан негізгі бағаның өсуінің себебі – осы. Ал бағаның шарықтауын Ұлттық банк реттеу керек еді. Бірақ өнім өндіру мәселесі, халыққа ең керекті азық-түлік бағасын ұстап тұру, коммуналдық, транспорттық төлемдерді ұстап тұру – Үкіметтің қолында. Енді мен ойлаймын, биылғы жылы экономикамызда ешқандай кездейсоқ оқиға болмаса, 10-12 пайыз инфляция түседі. Бұл біз үшін қалыпты жағдай болып есептелінеді», – деді экономист Сапарбай Жобаев.

Инфляцияны түсіруді Президент, Үкімет басшысы жауапты ведомстваларға тапсыруын тапсырып жатыр. Ал баға тұрақталу үшін еліміздегі ақша массасын азайту керек.

«Азық-түлік бағасы туралы 2 түрлі мәселе бар. Біріншіден, Қазақстан азық-түлікті көбірек өндіретін мемлекет болып саналамыз. Яғни, өндірген өніміміз, бидай, ұн, өсімдік майы, ет болсын көп өндіреміз де, сыртқа шығарамыз. Ал олардың бағасы жоғары болатын себебі ауылдағы фермерлерге, диқандарға түсетін пайда мөлшері де болуы керек қой. Әрине, ортада тұратын делдалдар, сатып алушылар дейміз, тасымалдаушылар да өз пайдасын ойлайды.  Сондықтан ауыл шаруашылық өнімдерін өте төмендете бермейік, қаладағы адамдарды ғана ойлап, бағасын шектеу мәселесінен біз арылуымыз керек. Біз ауылды ойлауымыз керек. Ауылды ойлау үшін субсидия бере берместен, инфляция деңгейін 10-12 пайыз көтеруге жағдай жаратып, оларды ынталандыратындай әрекет жасауымыз қажет. Сонда олар ауылда егер еттің бағасы сәл жоғары болса, олардың табысы болады. Пайдасы болады. Инвестиция жасауға мүмкіндігі болады. Ал баға тұрақталу үшін еліміздегі ақша массасын азайтып, Үкіметтен маусымаралық шараларды реттеу керек. Мәселен, арзан кезінде сатып алып, қоймаларға саөтап,  оны көктемде сұраныс көп кезде сату немесе  жәрмеңке үйымдастыру – бұл ауыл шаруашылығының тұрақты болуына әсер етеді», – деді экономист Сапарбай Жобаев.

Новости партнеров