|
08.11.2023 | 16:30
555

Мәжіліс Қазақстан-Ресей арасындағы мұнай өнімін тасымалдау келісімі құжатын өзгертті

Құжат Сенатқа жолданды

Мәжіліс Қазақстан-Ресей арасындағы мұнай өнімін тасымалдау келісімі құжатын өзгертті Сурет: elements.envato.com

Мәжіліс депутаттары палатаның 8 қарашадағы жалпы отырысында Қазақстан мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялады. Құжат Сенатқа жолданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы "Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. 

- Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2022 жылғы 18 шілдеде Мәскеуде қол қойылды. Хаттаманың негізгі мақсаты – Келісімнің 3-бабындағы Ресей Федерациясында Ресей мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына жеткізу кезінде уақытша мерзімді кедендік декларациялауды қолдануды алып тастау, - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Хаттамаға сәйкес Келісімнің 3-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылды:

 - 2022-2024 жылдары мұнай және мұнай өнімдерін құбыржол көлігімен әкетуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 27-тобында сыныпталатын, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері (керек-жарақ ретінде әкетілетін көрсетілген тауарларды қоспағанда) есепке алу мақсатында Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген уақытша мерзімдік кедендік декларациялауды қолданбай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілгендей Ресей Федерациясында кедендік декларациялауға жатады.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын заң жобасын мақұлдады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир