Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың цифрлық есебіне көшті

пресс-служба Минобороны
пресс-служба Минобороны
Әскери комиссариаттарға тіркеуге келудің еш қажеті жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұған дейін бұл инновацияны заңнамалық бекіту мен оны техникалық іске асыру жұмыстары жүргізілген болатын. Осылайша, «электрондық үкіметтен» мемлекеттік басқарудың жаңа форматы – «көрінбейтін үкіметке» көшу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның мәні –шығарылған шешімдердің ауқымы азаматтарға көрінбейді. Мемлекеттік саясаттың назары адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталған.

Әскери есепке алу саласындағы қызметтер кешенін электрондық форматқа ауыстыру Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдармен ықпалдастырудың арқасында мүмкін болып отыр.

– Енді келу тәртібін талап ететін қызметтер цифрлық форматқа ауыстырылды. Бейбіт уақытта әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тіркеу туралы куәліктер мен әскери қызмет өткермегендерге әскери билеттер беру тоқтатылды. 17 жастағы жігіттер үшін жеке істерін жинап, әскери комиссариаттарға тіркеуге келудің еш қажеті жоқ. Қызметтің бұл түрі жүйелердегі қолда бар деректер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады, – деп нақтылады Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаров.

Бұдан өзге әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың электрондық есебі енгізілді. Тұрғылықты жері ауысқан кезде азаматтар автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына бекітіледі.

Қызметтерді автоматтандыру азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін де жеңілдетеді. Жұмыс берушіге енді қызметкерден әскери билет немесе тіркеу куәлігін талап етудің қажеті жоқ. Барлық дерек азаматтың Egov-тағы жеке кабинетінің «әскери қызмет» бөлімінде тұр.

Егер ондағы мәліметтер сәйкес келмесе немесе жеткіліксіз болса, ресурс пайдаланушылары жеке кабинет арқылы «мәліметтерді өзектендіру/түзету» мемлекеттік қызметін алуға өтінім бере алады. Онда тиісті құжаттарды қоса береді.

Зейнеткерлікке шыққан кезде әскери қызметті өткергенін растайтын анықтама алу үшін жергілікті әскери басқару органына жүгіну қажеттілігі де жойылды.

Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің деректерін біріктірудің арқасында «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына және Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі де алынып тасталды.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Новости партнеров