Ұлттық банк автокөлікті жеңілдетілген несиемен беретін бағдарламаны мақұлдады
Фото: autoevacuator.com.ua
Ең жоғарғы қарыз 15 миллион теңге, 7 жылға беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде құрастырылған жеңіл көлік жеке тұлғаларға мынадай талаптар бойынша берілмек: ең жоғарғы қарыз 15 миллион теңге, 7 жылға. Атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4 пайыз. Сонымен қатар тиімді жылдық мөлшерлеме 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары кіреді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2018 жылы екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгеге 92 мың 500 автонесие берген болатын. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, яғни 13-26 пайызды құрайтын. Соған қарамастан, қарыз алушылардың көрсеткіші бір жыл бұрынғымен салыстырғанда, екі есеге ұлғайған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43