|
25.01.2019 | 16:51
2400

Алматы әкімі «Бес әлеуметтік бастаманың» орындалу барысы туралы айтты

Алматы әкімі «Бес әлеуметтік бастаманың» орындалу барысы туралы айтты

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 324 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен, 4 мың 725 пәтер. Ал «7-20-25» бағдарламасы бойынша ел көлемінде түскен өтінімнің 25 пайыздан астамы Алматыда қабылданған деді қала әкімі Бауыржан Байбек. Бұл деректі шаһар басшысы Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» орындалу барысы жайында өткен кеңейтілген жиында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

9 айдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес өкілдері қалада 4 трлн 700 млрд теңгенің өнімін шығарған. Былтыр Наурызбай ауданында 1200 орынды мектеп пайдалануға берілсе, тағы 1400 орынды қосалқы нысандар аяқталып, 730 орынды үш мемлекеттік балабақша жұмысын бастаған. Бұдан өзге, 2,5 мың орынды 6 жекеменшік мектеп және 4 936 сәбиге арналған 170 жеке балабақша ашылыпты.

«Өткен жылы Алматыда 2 млн шаршы метр тұрғын үй, 11,5 мың пәтер пайдалануға берілді. Биыл 2,1 млн астам шаршы метр пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Биыл 2680 орынға есептелген 5 жатақхана құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Осылайша, 2020 жылдың соңына дейін 26 ЖОО, 21 мың орынға арналған 42 жатақхана салу жоспарланып отыр. Тиісті жер телімдері берілді», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Қазіргі уақытта 800 сәбиге арналған 5 мемлекеттік бөбекжайдың құрылысы жүріп жатыр. Қала көлемінде орталық газға қосылмаған 2017 үйді күзге дейін көгілдір отырмен қамту көзделген. Барлық компаниялармен газ желілеріне қосу бағасын төмендету бойынша келісім жасалған. Ал жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек жандарға 50-ден 30% аралығында жеңілдік жасалады.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир