«Сбербанк Қазақстанды» «Бәйтерек» холдингі сатып алмақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, қазір келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінгі таңда санкцияларға сәйкес аталған банк шетел валютасында операциялар жүргізе алмайды.
«Оның шетел банктеріндегі корреспонденттік шоттары жабылды, сондай-ақ жаңа қаржыландыру тетіктерін тарту мүмкіндігіне қойылды. Сол себепті «Сбербанк Ресей» өзінің Қазақстандағы еншілес банкін сату туралы шешім қабылдады. Қазіргі банкті сату тұрғысында «Бәйтерек» холдингімен келіссөздер жүргізіп жатыр», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.
Мәдина Әбілқасымованың дерегінше, қазір Қазақстанда жеке тұлғалардың жалпы несие көлемі 11 трлн теңгеге жеткен. Дәлірек, 6 миллион 600 мыңнан астам қазақстандық несие төлеп отыр. Кредиттердің шамамен 3,6% проблемалық санатқа енгізілген.
«Өткен жылы 24 мың қазақстандықтың несие бойынша төлемі кейінге қалдырылды және 16 мың борышкер несие бойынша мөлшерлемені төмендете алды. Банктердің балансында 400 мыңға жуық проблемалық қарыз алушы бар және тағы 700 мыңы баланста, яғни есептен шығарылды. Бірақ оларға қойылатын талаптар тоқтаған жоқ», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.