|
04.12.2020 | 17:06
14405

Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленді

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өседі

Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленді tdk42.kz

Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге.

10-бап. Жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін.

11-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы болып белгіленсін.

12-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир