Қазақстанда 442,5 мың адам жұмыссыз жүр

КазТАГ
КазТАГ
Бұл жалпы жұмыс күшінің 4,8% құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Биыл Қазақстанда жұмыссыздар саны 442,5 мың адамды көрсетті, бұл жалпы жұмыс күшінің 4,8% құрайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Ал 2018 жылыдың желтоқсанында 4,9%-ды көрсеткен болатын.

Биыл қаңтар айының соңында еліміздің жұмыспен қамту органдарында 111 мың адам, яғни елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 1,2% жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларында 25,1 мың адам немесе жалпы жұмыс күшінің 0,3% құрады. Қазақстан экономикасында 2019 жылы 8,7 млн адам қамтылған. Соның 6,6 миллионы немесе 76,1% жалдамалы жұмысшылар.

Былтырғы IV тоқсанның деректеріне сүйенсек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінде еңбек өнімділігі жоғары адамдардың үлесі - 90,9%, өнімділігі төмен адамдардың үлесі 9,1% болды.  


Новости партнеров