|
01.11.2023 | 19:25
3060

Ұлттық қордың қаржысын үнемдейтін заң жобасы мақұлданды

Маңызды құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды

Ұлттық қордың қаржысын үнемдейтін заң жобасы мақұлданды Almaty.tv

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордың қаржысын үнемдейтін заң жобасы мақұлданды. Алдағы екі жылда кепілдендірілген аударма мөлшерін 2 трлн теңгеге дейін төмендету көзделіп отыр. Маңызды құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жоба қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол валюталық активтерді 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге ықпал етеді. 

– Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңгеден 2024-2026 жылдары жыл сайын 2 трлн теңгеге дейін төмендеумен айқындалды. Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы 68 млрд АҚШ долларына дейін қалпына келтіріліп, одан әрі 2025-2026 жылдары 80,7-93,3 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп болжап отырмыз. Ұлттық қорды орта және ұзақмерзімді перспективада қалыптастыру және пайдалану саясаты Ұлттық қордың қаражатын болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталған, – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оқи отырыңыз: Алматыда халықаралық сауда форумы өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир