|
21.11.2019 | 17:25
3916

Almaty Investment Forum 2019 форумына 200-ден астам шетелдік қатысады

Форумның басты тақырыбы — Қазақстанның оңтүстік астанасының инвестициялық тартымдылығын арттыру

Almaty Investment Forum 2019 форумына 200-ден астам шетелдік қатысады

Алматыда 27 қараша күні инвестициялық форум өтеді деп жоспарлануда. «Аlmaty Investment Forum 2019» көрмесіне 20 елден 200-ден астам шетелдік инвесторлар келмек. Бұл туралы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар, ол «Алматыдағы инвестициялық көрініс: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбы аясында пленарлық отырыс пен бірқатар панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер жоспарланғанын айтты.

«Біздің міндетіміз – таяудағы 5 жылда тұрақты өсуді қамтамасыз ету болып отыр. Бұл үшін, біріншіден, әлеуетті инвесторлармен дербес келіссөздер жасалады, екіншіден, бұл әрбір инвесторға деген жеке көзқарас болып табылады», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан ОРАЗАЛИН.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир