Мемлекет басшы қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен шаруашылыққа қолдау көрсетуді тапсырды
Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақыл жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2% құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
– Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті, – деп таратады ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшы биыл ауа-райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді:
Форвардтық сатып алу шеңберінде "Азық-түлік корпорациясының" сатып алу бағасы 3-сұрыпты бидай үшін 120 мың теңге және 4-сұрыпты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленсін;
форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3-сұрыпты бидайды 4-сұрыпқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беру;
міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды: 4 – сұрыпты бидай үшін 105 мың теңге, 5 – сұрыпты бидай үшін 90 мың теңге, сыныпты емес бидай үшін 70 мың теңге.
Министрліктің айтуынша, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.
Оқи отырыңыз: Мәңгілік тағамдар: тұз бен қанттың жарамдылық мерзімі бар ма